Голливудтың танымал жұлдызы Головкиннің жекпе-жегі туралы деректі фильм түсірді

31 Мамыр, 2019 100

Голливудтың танымал әртісі әрі продюсері Марк Уолберг Геннадий Головкин туралы түсіріліп жатқан фильмнің продюсері болды, - деп хабарлайды, Turkistan.kz  порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«40 дней» атты фильмді DAZN стриминг компаниясы түсіріп жатыр. Туынды GGG мен канадалық Стив Роллстың кездесуіне орайластырылған. 

«Біз «40 дней» атты туындыны көрсетуге қуаныштымыз. GGG мен Стив Роллстың жекпе-жегінде қолдау көрсетіңіз», - деп фильмін таныстырды DAZN өкілдері. 

«Бокстың жанкүйері ретінде DAZN компаниясымен әріптестікке қуаныштымын. Бұл туынды Геннадийдің жекпе-жекке деген дайындығын көрсетеді»,- деді Марка Уолберг BoxingScene басылымына. 

«Big Drama Show жасау үшін көп жұмыс істеу керек. «40 күн» жаттығу лагерінде болдық. Бокс жанкүйерлері ондағы болған жаттығуларды толығымен көре алады. Біз Джонатан Бэнкспен Madison Square Garden алаңында болатын соғысқа дайындалып жатырмыз», - деді Головкин. 

«40 дней» - әлеме әйігілі боксшылар туралы деректі фильм сериялары. Головкин - Роллс жекпе-жегі жайлы бөлімі DAZN мен Unrealistic Ideas және Film 45 әріптестігімен түсірілген. 

«GGG-дің Big Bear лагеріне барғанда біз Головкиннен оның тарихын кім айтып бере алатынын сұрадық. Ол бірден Марка Уолберг пен Питер Бергті ұсынды», - деді DAZN компаниясының өкілі Джейми Горовиц. 

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші қазақстандықтың DAZN компаниясымен үшжылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі. Сондай-ақ қазақстандық боксшының жаңа бапкердің қол астындағы алғашқы кезесуі.



Пікірлер(0)

Пікір қосу