Қадір түніндегі 10 сауапты іс пен күнәлі әрекет

31 Мамыр, 2019 234

Әбу Хұрайра (р.а.) сахабамыз жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с) «Кімде кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі» делінген (Бұхари, Қадір, 1). 

Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын, – деп сұрағанда, Ол: «Аллаһумма, иннәкә афуун, тухиббул афуа, фаафу анни» (Уа Алла! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!), деп дұға ету керектігін үйреткен.

Қасиетті қадір түнінде Құдай алдында қадіріңіздің қашқанын емес, мерейіңіздің өскенін ойласаңыз қолыңыздан келгенше төмендегі сауапты амалдарға көңіл бөліп,  күнәлі істерден абай болғаныңыз жөн!


Сауапты істер:

Қадір түні туралымағұлматтармен танысу;

Түнді құлшылықпен өткізу, әсіресе Алланы зікір етіп, тасбих тарту

Пайғамбарымызға жиі-жиі дұға ету

Құран аяттарын оқып, уағыз-насихат тыңдау, қолдан келгенше садақа тарату

Салихалы адамдармен сұхбаттасу

Жүрекке түскен кірбіңді жуып-шайып, түрлі күмән мен күнәдан арылу

Ата-анаңыздың ақ батасын алу, егер дүниеден өтіп кеткен болса, олар үшін Алладан жарылқау тілеу

Араздасқан жандарыңызбен татуласу, достық қарым-қатынасты күшейту

Өз-өзіңізге есеп беріп, өткен кемшіліктеріңіз үшін тәубе мен Алладан кешірім сұрау

Жаратқаннан мұсылмандардың отанның елдігі мен бірлігін сұрау


Күнәлі істер

Уақыт бос өткізуден, тоғышарлықтан сақ болу

Артық ішіп-жеу

Қолдарын қусырып, бос қиялға берілу, түні бойы көз ілмей шықсақ жеткілікті деп есептеу

Теледидардан, әлеуметтік желілерден күнәға алып баратын ақпараттар қарау

Ессіз музыка тыңдау

Дүниелік әңгіме айтып отыру, мешіттерге барғанда сабырсыздық таныту

Ата-анаңыздың көз жасына қалу

Дастархан жайып, Қыдыр атаны күту

Арақ-шарап, есірткі заттарды пайдалану, зина жасау

Ғайбат(өтірік) айту







Пікірлер(0)

Пікір қосу