Балалар туралы 7 қызықты мәлімет

31 Мамыр, 2019 209

1. 19 ғасырдың бас кезінде ата-аналар балаларымен ойнау былай тұрсын оларға аса назар салмайтын, Себебі, ол кезде балаларды "толық адам қатарына" қоспаған. Олармен ойнау - құр босқа уақыт өткізу деп есептеген. 


2. Кейбір елдерде жаңа туылған нәрестенің кіндігін кеспейтін көрінеді. Кіндік өзі кеуіп қалғанша оған лотос гүлін орап қояды екен. 


3. Бір уақытта дем алып және жұтына аласыз ба? Ересек адам бұлай жасай алмайды. Ал кішкентай балалар 7 айлығына дейін бір мезетте ана сүтін еміп және тыныс ала алады екен. 


4. Орта ғасырда жаңа туған сәбиді анасы алғашқы  3 күн емізбеген.  Себебі, олар алғашқы күндері ана сүтін бала денсаулығы үшін зиян деп санаған.


5. Жапонияда жыл сайын "жылауық бала" фестивалә өтеді. Бұл фестивальге қатысушылар балаларды жылатуға әрекет жасайды. Олардың ойынша ең бірінші жылаған бала түрлі жаман энергияны жояды, әрі мұндай балалар өте мықты болып өсетін көрінеді.


6. Бельгиялық балалар мектеп табалдырығын 3 жасынан бастап аттайды.

7. Корей балаларының жасы құжат бойынша әлемдегі өзге құрдастарынан 9 айға үлкен болады. Себебі, олар сәбидің ана жатырында өткізген 9 ай уақытын заңды түрде жас мөлшеріне қосып, есептейтін көрінеді.


.

Пікірлер(0)

Пікір қосу