Нұртас Оңдасыновтың ерлігі немесе қазақтың үш ауданын қалай сақтап қалды?

31 Мамыр, 2019 433

Өткен ғасырда қазақ даласын әртүрлі мақсатта пайдалану үшін көрші мемлекеттердің шекарасына қоса бастады. Оса кезде ұлтымыздың талай "атқа мінерлері" бұлтартпас дәлелдер мен нақты фактілер келтіріп, қазір территорияны сақтап қалды. Төменде Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы Нұртас Оңдасынов естелігінен үзінді беріп отырмыз. 


«... - Соғыс бітіп, ел әлі есін жиып үлгермеген жылдар. Мәскеудегі өтетін жиналыстарға жиі барамыз. Бір жолы сондай бір жиынды Украинаның сол кездегі басшысы Н.С.Хрущев жүргізді. Оның қасына Өзбекстанның жетекшісі Осман Юсупов жайғасыпты. Мәжіліс залына кіргенімде екеуі сыбырласып отыр екен. Шынымды айтсам, екеуін де аса ұната қоймайтын едім, сондықтан көздеріне түспей-ақ қояйын деп арт жаққа отыра беріп едім, Хрущев көріп қалды да:


- Оңдасынов, тұр орныңнан! Сен неге өзбектерге ана үш ауданды бергің келмейді, өзбектер мақтаны жақсы егеді! – деді діңкілдеп. Мына сөз менің шымбайыма батып кетті:
⠀ - Ол үш аудан менің жерім емес, оны беру-бермеуді халық шешеді! Ал мақтаны біз де жақсы өсіреміз, өткен жылы жоспарды асыра орындадық! – дедім.

Хрущев қып-қызыл болып кетті, ашулы үнмен «отыр!» деді. Оған айтқызып отырған Осман Юсупов екені даусыз. Өйткені оның өзі маған бір мәрте шығып, осы осы үш ауданды сұраған болатын, сонда мен: «Сіз де бір республиканы басқарып отырсыз, Сізден қырғыздар немесе әлде түркімендер үш емес, бір ауданыңызды сұраса берер ме едіңіз?!» дедім. Уәж айта алмай қалған болатын. Өзінің сөзі өтпеген соң даңғой Хрущевты айтақтап салып отырған түрі ғой!»





Пікірлер(0)

Пікір қосу