Ненад Эрич Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

04 Наурыз, 2019 386

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Ненад Эрич мансабын аяқтады. Бұл туралы ол Қазақстан суперкубогы үшін болған кездесуден кейін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 наурыз күні өткен ойында "Астана" фк "Қайраттан" 2:0 есебімен басым түсіп, төртінші рет суперкубокты иеленген еді.

Мен бұл туралы ұзақ ойландым. Менің жасым 36-да. Мені алда чемпионат, кубок және еурокубок аясындағы өте көп ойындар күтіп тұр. Маған төрт фронтта ойнау өте қиынға соғар еді. Қазақстанда жас, әрі мықты қақпашылар жеткілікті. Алайда, мен ойыншы ретіндегі мансабымды аяқтау туралы ойланған жоқпын, - деді Астана футбол клубының капитаны Ненад Эрич.

Пікірлер(0)

Пікір қосу