Украинада барлық "Балалар үйі" жабылады

02 Маусым, 2019 346

Украинада 2020 жылдан бастап балалар үйлері балаларды қабылдамайды. Бұл туралы Украина денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ульяна Супрун Facebook-тегі парақшасына  хабарлады.

 

«Шындығында Украинадағы осындай мекемелерде тұратын балалардың тек 8%-ы жетім балалар мәртебесіне ие. Қалғандары анасы немесе әкесі немесе ата-анасының екеуі де баланы тәрбиелей алмайтындар. Өткен жылы Украина Министрлер Кабинетінің «Оңалту орталықтары және балаларға паллиативтік көмек туралы ережені бекіту туралы» қаулысының жобасын дайындадық. Соның негізінде балалар үйлерін медициналық оңалту және паллиативтік көмек орталықтарына айналдыру қарастырылған», - деді Супрун. 

Сонымен қатар, оның айтуынша барлық балалардың өз атаа – анасымен бірге бейбіт өмір сүруі үшін мемлекет барлық жағдайды жасайды. Ал, кәмелет жасына толмаған балаларды асыраушы отбасыларға бөледі. Қанша жерден жағдайы жасалған интернет болса да, ата  - ананың, отбасының орынын алмастыра алмайтынын айтты. Сондықтан үкімет балаларды қолдау жүйесіне өзгерістер енгізбекші.

 

 

Пікірлер(0)

Пікір қосу