Жаңқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсірді

02 Маусым, 2019 235

"Соңғы 2 жыл бойы шаршы алаңға шықпаған кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров жекпе – жек әлеміне қайта оралды. MTK Global ұйымдастырған бұл бокс отандасымыз үшін 23 – ші жеңісін сыйлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген Жаңқош  ганалық боксшыға төртінші жеңілістің кермек дәмін татқызды",-деп хабарлайды turkistan.kz ақпараттық - танымдық порталы.

Айта кету керек, Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізген екен. Ұлыбритания еліне де алғаш  бақ сынауы.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.

 Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда кездесу өткізген. Кардиффтегі бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зауырбек те шаршы алаңға шықты. Никарагуалық Серхио Гонсалесті жекпе-жек аяқталуға 16 секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді. Жанқош пен Сұлтан келесі жекпе-жектерін 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткізеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақта WBC чемпионы Нордин Оубали (15-0, 11 КО) шаршы алаңға шығады. Бұл бокс кешін де MTK Global ұйымдастырады.

 

 

Пікірлер(0)

Пікір қосу