Жер бетінен жойылып бара жатқан ұлтты білесіз бе?

02 Маусым, 2019 154

29 маусымда Болгарияның халық саны 7 миллион адамнан аз болып қалды.

Мұндай мәліметті БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөнінде департаменті таратты, - деп хабарлады bgnews сайты.

Болгарияда халық саны күрт азайып келеді. Мұндағы жағдай тіпті екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалдан да төмендеген.

1946 жылы бұл елде 7 029 349 адам болған. "Бұл ауыр жаңалық… Болгария демографиялық шығынға ұшырап отыр, ол өліп барады… Біз әлемдегі ең жылдам құрып бара жатқан ұлтпыз", - деді академик Петр Иванов.

Порталдың мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша, Болгарияда 120 адам өмірге келіп, 193 адам дүниеден озған.


Пікірлер(0)

Пікір қосу