Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлықтар табысталады

03 Маусым, 2019 104

Turkistan.kz ақпараттық порталы. 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жаcтағы елорда тұрғындары естелік сыйлықтар табысталады, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.

23 мыңнан астам астаналық ҚР президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ 9 маусым күні туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлық тапсырылады.

Қалалықтарды сайлауға қатысуға барынша тарту мақсатында әлеуметтік желілерде "Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!" атты арнайы имидждік жоба іске қосылды.

9 маусымда Нұр-Сұлтан қала әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.



Пікірлер(0)

Пікір қосу