Нұр-Сұлтанда Димаш Құдайбергеновке арналған шығармашылық байқау жарияланды

04 Маусым, 2019 198

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің концерті қарсаңында Нұр-Сұлтанда оның шығармашылығына арналған сурет байқауы жарияланды. 

Өтінімдерді қабылдау 20 маусымға дейін «Мәңгілік ел» қақпасының әкімшілігінде жүргізіледі. Байқауға кәсіпқой және әуесқой суретшілер, арнайы оқу орындарының студенттері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және басқалары қатыса алады. Қатысушыларға ешқандай шектеулер қойылмайды. Байқауға картиналар, мүсіндер, кестелер мен Димаш Құдайбергеновтің басқа да техникаларда орындалған суреттері қатысады. Көрмеге қатысуға өтінімдер мен туындылардың фотосуреттерін 5-20 маусым аралығында triumf.arka@mail.ru электронды мекенжайына жолдау керек. 

Айта кетейік, іріктеуден өткен жұмыстар 26 маусым – 26 шілде аралығында «Мәңгілік ел» қақпасында Қазіргі заманғы өнер галереясында көрмеге қойылады. Экспозицияға келушілер мен Димаш Құдайбергеновтің фанаттары экспонаттарды жай көріп қана қоймай, оларды сатып ала алады. Көрмеге кіру үшін «Мәңгілік ел» қақпасына билет сатып алу керек: ересектер үшін – 500 тг., балалар үшін – 350 (7 жасқа дейінгі балалар үшін тегін), студенттер мен жеңілдігі бар санаттарға жататын азаматтар үшін – 250. Анықтама телефондары: +77019332523, Жаннұр Сағатбекова, +77015168466, Роза Мұхамеджанова, жұмыс тел.: 64-27-12. 

Еске салайық, Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті 29 маусымда «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаштың «Арнау» атты шоу бағдарламасы Нұр-Сұлтан күніне арналады. Концертке әлемнің 15 мемлекетінен орындаушының фанаттары келмек.



Пікірлер(0)

Пікір қосу