8 жастағы қыз 18-қабаттан құлаған лифтіден аман қалды

05 Маусым, 2019 286

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Қытайдың Гуандун провинциясы Шэньчжень қаласында 18-қабатта тұрған лифт бұзылып, жерге дейін түскен. Ішінде 8 жасар қыз болған. 

Бейнебақылау камерасына жазылып қалған видеоны AsiaOne ақпарат порталы бөлісті.

Оқиға 28 мамырда болған. Кадрдан ішінде екі бала бар лифттің 19-қабатқа көтеріліп, ішінен бір ұлдың шыққанын көруге болады. Есік жабылып, лифт төмен түсе бергенде лифт жүйесі істен шығып, дисплейден ештеңе көрінбей қалады. Лифт төмен қарай құлдырайды, ал қыз сасқалақтап барлық батырманы басады.

Соңында лифт бірінші қабатта тоқтайды, абырой болғанда қыз аман қалған.


Пікірлер(0)

Пікір қосу