Украинада 5 жасар бала полиция қолынан қаза тапты

06 Маусым, 2019 75

Украинада жүздеген адам 5 жасар Кирилл Тляловты ақтық сапарға шығарып салуға жиналды, деп хабарлайды Turkistan.kz.

 Болжамдарға сай, бала полицейлер қолынан қаза тапқан. Ол оқ жарақатымен жергілікті ауруханалардың біріне өткен жұма күні жеткізілген. Бірақ дүйсенбі күні көз жұмды. Кириллді өлтірді деген күдікпен екі полиция қызметкері қамауға алынды. Тергеу амалдары көрсеткендей, олар мас күйінде банкаларға оқ атуды ұйғарған. Бірақ оқ ойын алаңында жүрген балаға тиген. Қазір прокуратура «қасақана өлтірді» деген бап бойынша іс қозғады. Ал қамауға алынғандар кінәларын мойындамай отыр. Осы оқиғаға байланысты Украинаның бірнеше қаласында наразылық акциялары да өтті. Шерушілер ішкі істер министрі Арсен Аваковтың отставкаға кетуін талап етті. Алайда аталған ведомство басшысы қызметінен кетуден бас тартып, толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді.



Пікірлер(0)

Пікір қосу