Ташкентте 8 елдің шекарашылары кездесті

07 Маусым, 2019 60

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің шекара басшылары бас қосты. 

Онда сегіздік өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларын пысықтады. Ресей Федерациясының төрағалығымен өткен басқосуда құзырлы орган өкілдері өзара ақпарат алмасып, 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламаның бірінші кезеңін бекітті. Үш жылға негізделген құжатта шекара аумағындағы заңсыздықтардың алдын алу мен келімсектерге қарсы күрес шараларын нығайту көзделген. Шекарашылар бұдан бөлек жалпыға ортақ бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кеңестің кезекті басқосуы келесі жылы Тәжікстанда өткізілмек. 

Олег Колесников, ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас штаб бастығының орынбасары:

- Жиында шекара аумағында жүргізілетін әскери операциялардың жоспары қаралды. Онда биылғы жылы басталатын «Ынтымақтастық 2019»  жобасының бірінші кезеңі  нақтыланды.  Сонымен бірге жоспарда мемлекеттік шекараны күзету тіртібі бекітілді. Әскери шекара құрылымдарының күшітері сараланып, операцияның негізгі бөлігі өтетін кезде қай елдің қандай іс-қимыл атқаратыны бекітілді.



Пікірлер(0)

Пікір қосу