ТАРИХ: Ислам діні алғаш Оңтүстік өлкесіне келген

07 Маусым, 2019 93

Түркістан облысының ХХ ғасыр басына дейінгі екі мың жылдық тарихына  қысқаша жолу жасаған Момбек Әбдәкімұлы: «Бір анығы ислам діні де бүкіл қазаққа Оңтүстік өлкесі арқылы тарады», - дейді. Тарихпен сабақтастырып, және осы қысқаша шолу жасалған мәліметтер арқылы салыстырып, тарқатар болсақ, ислам дінін таратушылар Саманидтер мен Соғды жұрты, сонымен бірге көнедегі Қаңлы –Үйсін ұлысынан тарап шыққан тайпалар және Оғыздар жайлайтын Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жеріне VIII ғасырдың алғашқы ширегінде келе бастады.

Баршамызға мәлім, жаңа діннің негізін салушылар өз наным сенімін басқа жұртқа ендіру үшін күш пен басқыншылыққа жол берген. Сол сияқты біздің өлкеге ислам дінін алғаш таратушылар өз үгіт – насихаттарымен бірге қылыш найзаларын сүйретіп келді. Соған орай, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Қазығұрт,Қаратау, Түркістан төңірегіндегі жергілікті халық пен арабтар арасында біраз уақытқа созылған соғыстар жүрді.

Алайда бұл соғысты өз керегіне пайдаланып тұтқиылдан күтпеген  соғыстар да болды. Атап айтсақ, кемеліне келіп тұрған қытай елі Түргеш қағанатының әлсірегенін пайдаланып, Орта Азияға ислам дінін таратуды  көздеген арабтардың алдын орау мақсатында Оңтүстік аймағындағы елдерге шабуыл жасап, 749 жылы Ташкентті жаулайды. Ал бұл кездегі Ташкентті билеген билеушіні білесіз бе?

Бұл билеуші – Бағатұр болатын. Әрі ол қытайлардың үстемдігін мойындап, өзінің әлсіздігін көрсетті. Дегенмен, қытайлар оны өлім жазасына кесті. Олар Шыңғыс  хан сияқты мойынсұнған адамға еркіндік сыйламады.  Мәселенің бәрі де осы жерде басталады. Әкесін өлтірген қытайларға ашуланып, Бағатұрдың баласы Хорасанда жатқан арабтардан көмек сұрап, жауды жеңген жағдайда Ташкент (оның ішінде Түркістан обылысының жері де бар) айналасындағы соғды жұрты болсын, түркі елі болсын, бірден ислам дінін қабылдайды деп уәде береді.

Кешікпей Ташкентке арабтардың Әбу М үслім бастаған жасағы келіп, қытайлар мен қанды қарғын басталады. Бәлкім осы кек қайтару болмағанда, қазіргі Ташкентті қай ел билейтін еді? Арабтар мен қытайлардың соңғы шайқасы 751 жылы Талас өзенінің жоғары жағасындағы Атлах маңында өтті. Міне, осы жылдан бастап, біздің өлкеде ислам діні берік орнықты. Осы өлке арқылы ислам дінін таратушылар арқылы Тараз бен Арқаға, Еділ мен Қазанға өтті.

Дайындаған: Досжанова Рысгүл

Пікірлер(0)

Пікір қосу