Сириядағы «тозақты» көрген жерлестеріміз елге оралды

09 Маусым, 2019 230

«Жусан» гуманитарлық операциясы барысында 357 бала Сирия еліндегі оқ пен оттың ортасынан құтқарылып, отанына қайтарылды. 

Бүлдіршіндердің 27-сі ата-анасынан айырылған. Гуманитарлық операцияның үшінші кезеңі 28-31 мамыр аралығында іске асты. Оны еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдары халықаралық әріптестерімен бірлесіп атқарды.

Бүгінге дейін соғыс оты шарпыған Сирия жерінен жалпы саны 524 қазақстандық шығарылды. Оның 30-ы ер азамат, 137 -сі әйел. Барлығы арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылған. Олармен психолог, теологтар жұмыс істеп қоғамға дайындап жатыр. Сыртта жүріп, ұмытыңқыраған ана тілін де осы жерде үйретеді.


Пікірлер(0)

Пікір қосу