Головкин спорттық мәнсабын аяқтайды

09 Маусым, 2019 259

Turkistan.kz порталы: Головкин спорттық мәнсабын қашан аяқтайтынын айтты.

Головкин DAZN-мен жасаған келісімшарттағы алғашқы жекпе-жегін 8 маусым күні канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Осы жолғы жасалған келісімшарт оның кәсіби бокс мәнсабындағы соңғысы болмақ. Ол кәсіби боксқа 2006 жылы келген болатын, енді 2021 жылы аяқтауға ниетті. Осылайша GGG кәсіби рингте 15 жылын өткізбек. Бокстан кеткен соң Геннадий өзінің GGG Promotions компаниясының басшысы ретінде жұмысын жалғастыруды қалайды.

«Дәл қазір менің әлі алты жекпе-жегім бар. Менің келісімшартым үш жылға алты кездесу өткізуге есептелген. Одан соң мәнсабымды аяқтаймын, өйткені отбасымды жақсы көрем», - деді Геннадий ESPN-ге берген жауабында.


Пікірлер(0)

Пікір қосу