Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

09 Маусым, 2019 244

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

«Бүгін еліміз үшін ерекше тарихи күн. Азаматтарымыз өз конституциялық құқығын пайдаланып сайлауда дауыс беруде. Бұл халқымыздың жарқын болашағы үшін жасайтын таңдауы. Сайлау меніңше бұл үлкен мереке. Сайлау - бұл кандидаттардың ел болашағы үшін жасалатын ұсыныстары мен бағдарламаларының бәсесеге түсетін додасы. Еліміздің басты құндылығы ол - татулық, бірлік, ынтымақ. Сондықтан қай кезде де басты құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Бүгінгі бәсекенің заңға сәйкес демократиялы түрде өтетініне сенім білдіремін», - деді Қ. Тоқаев.


Пікірлер(0)

Пікір қосу