Түркістан облысында 889 сайлау учаскесі бар

09 Маусым, 2019 98

Turkistan.kz порталы: Түркістан облысында 889 сайлау учаскесі бар. 

Кезектен тыс президент сайлауы науқанында онда 6 мың 240 сайлау комиссия мүшесі жұмыс атқаруда. Ал өңірде 1 миллион 181 мың 946 сайлаушы өз таңдауын жасайтын болады.   

Әлібек Өмірәлиев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

 - Сайлау процесі заңнамаға сай сағат 7:00-ден басталып кетті. Жалпы, биылғы жылы осы президент сайлауына облысымызда 1 миллион 181 мың 946 сайлаушы өздерінің сайлау құқықтарын орындап, дауыс беруге келеді деп жоспарлануда. Ал енді шетелдік байқаушылардан 62 байқаушы келіп тіркелді. Оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 2 байқаушы ұзақ мерзімге келіп, 15 мамырдан бастап облыстарды аралап, сайлау учаскелерін байқап жүр. Ал енді кешегі күні 7 маусымда 16 қысқа мерзімді ЕҚЫҰ келіп, өздерінің жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі кезде олар барлық сайлау учаскелеріне келіп, жұмыстарын атқарып жатыр.



Пікірлер(0)

Пікір қосу