Әр неміс баласына айтылатын 10 өсиет

11 Маусым, 2019 203

Әр неміс баласы отбасы институтынан Германия мемлекетін экономикалық құлдыраудан сақтап қалатын өсиеттерді естіп өседі. Бұл қағидаларды өмірлік ұстанымына айналдырған олар тек ғана туған ұлтының игілігі үшін ғана жұмыс жасайды.


1.Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес.

2. Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғанда өз еліңе бір теңге зиян келтіретініңді ұмытпа.
3. Сенің ақшаң тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.
4. Шет елден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорлама.
5. Дастарқаныңа шетелдің етін, майын, т.б. қойма, себебі ол неміс ет өндірісі мен мал шаруашылығына зиян келтіреді.
6. Әр уақытта неміс қағазына неміс сиясын малып, неміс қаламымен жаз да, неміс сорғышымен сорғыз.
7. Неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.
8. Тек қана неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді ки.
9. Егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені іш. Балаларың мен әйеліңе де отар елдің какаосын ішіп, шоколадын жеуге әмір ет.
10. Ешуақытта шетелдің тауарына қызықпа және есіңде сақта: «Германия азаматының керегін тек Германия шығара алады».

Пікірлер(0)

Пікір қосу