Бүгін ҚР президентін ұлықтау рәсімі өтеді

12 Маусым, 2019 245

Turkistan.kz порталы: Бүгін елордада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. 

Салтанатты шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 10:40-қа жоспарланып отыр. 

Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда 70,96 процент дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын. Nur Otan партиясының үміткеріне 6 миллион 539 мың 715 сайлаушы дауыс берген. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары Қазақстан Республикасының премьер-министрі, Парламент Сенатының төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы төрағасының орынбасары сияқты жауапты қызметтерді атқарған.



Пікірлер(0)

Пікір қосу