Ақтауда жолаушылар автобусы өртке оранды

12 Маусым, 2019 331

Ақтауда жолаушылар автобусы толық жанып кетті, деп хабарлайды Turkistan.kz порталы  lada.kz-ке сілтеме жасап.

«11 маусым күні кешкі сағат 21:00-де ПАЗ маркалы жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Өртті сөндіруге екі техника мен жеке құрамның сегіз адамы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Өрттің неден тұтанғандығы анықталу үстінде.


Пікірлер(0)

Пікір қосу