"QAZSPORT" арнасы ТОП-5 біріншілікті ел назарына ұсынды

05 Наурыз, 2019 322

Наурыз айынан бастап еліміздің басты спорттық арнасы "QASPORT" телеарнасында футболдан ТОП-5 біріншілік ойындарының көрсетілімдері көрерменге жол тартты. Бұл туралы аталған арнаның директоры Павел Цыбулин хабарлайды.

Оның айтуынша "Setanta" арнасымен келісім-шартқа отыру ұзаққа созылған көрінеді.
- Бұл бір күнде отырып қол қоя салатын келіссөздер емес! «Setanta» компаниясымен келісімшарт жасасу ұзаққа созылды. Маусым соңына дейінгі жұмысымызға қарай күзде бұл серіктестікті жалғастыру жайы анықталатын болады. Мысалы, келісімшарт бойынша біз матч таңдау құқығына немесе оның уақытын өзгертіп көрсетуге мүмкіндігіміз жоқ. Әрине, мен келісімшарттың барлығын айта алмаймын. Бірақ, аталған контентті сатып алу барысында көп қаражат жұмсамадық. Бұл осы келіссөздердегі ең басты мәселе. Себебі біз салық төлеушілердің қаражатын оңды-солды жұмсай алмаймыз, -дейді арна басшысы

Пікірлер(0)

Пікір қосу