Мәскеуде тұңғыш "қазақ дүкені" ашылды

12 Маусым, 2019 78

Осыдан бірнеше жыл бұрын Мәскеу тұрғындары «Бауырсақ» деп аталған алғашқы дүкенде сауда жасай бастады. Дүкендер желісі тез өсіп, қазір Мәскеу қаласы мен облысында осындай сауда орталықтарының саны тоғызқа жетті. 

Қазақстандық өнімдерге деген жоғары сұраныс павлодарлық кәсіпкерді осы салаға ынтаналандырып, супермаркет ашқан болатын.  

Елена Кондакова, кәсіпкер: - Біз ауқымызды кеңейтуді ұйғарып, халық тығыз қоныстанған аудандарда өз дүкендерімізді ашқан дұрыс деп шештік. Қазақстаннан шыққан зат тұтынушыларға ұнады. Сұраныс болғаннан кейін ұсыныс артады ғой. Біз де дер кезінде қамданып қалуды ойладық. 

Қазір сауда желісінде 40 қазақстандық компания шығаратын өнімнің үш мыңға жуық түрі ұсынылып отыр. Бірнеше жыл бұрын бұл кәсіп кондитер бұйымдарын сатудан басталған. Қазір де күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар саудаға түсті. Және осы дүкеннен ғана табылатын жылқы еті, қымыз бен шұбат сатылады. 

Нұржан Қажыақбаров, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-елшісі: - Мәскеу қаласы мен облысында 18 миллион адам тұрады. Бұл – Ресейдегі ең ірі аймақ, ең үлкен нарық. Бәсеке де жоғары, ал қазақстандық өндірушілер осы нарыққа кіріп, бәсекеге төзіп жүргені кәсіпорындарымыздың экспорттың деңгейін көрсетеді.  

Жергілікті тұрғындар бұл супермаркетті «қазақ дүкені» деп атап жүр. Оның ашылғанына өте риза.



Пікірлер(0)

Пікір қосу