Ливияны су басып кетті

12 Маусым, 2019 75

 Turkistan.kz порталы: Табиғаттың тосын мінезі Ливияның оңтүстік-батысын әбігерге салды. 

Толассыз жауған жауын-шашын соңы су тасқынына ұласып, Гат қаласы су астында қалды. Қолайсыз ауа райынан қалада бірнеше квартал суға батқан. Тасқын су негізгі жолдарды да түгел шайып кетті. Осыған байланысты 1,5 мыңнан аса адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Сөйтіп олар уақытша лагерьлерге жайғастырылды. 

Айта кетейік, шелектеп жауған нөсер жаңбыр аймақта осыдан 2 апта бұрын басталыпты. Осы уақыт ішінде 4 адам көз жұмып, 30-ға жуығы жарақат алған. Тағы 25 азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Қазір зардап шеккендерге БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі көмек көрсетіп жатыр. Олар тұрғындарды жатын орын және азық-түлікпен қамтамасыз етуде.


Пікірлер(0)

Пікір қосу