ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов сайланды

13 Маусым, 2019 416

Turkistan.kz ақпарат порталы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін, «саяси ғылымдар» бағыты бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған. 

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары «Медиа СП» ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 

2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін – Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы. 

2017-2019 жылды ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып қызмет атқарды. 2019 жылдың ақпан айынан қазіргі кезге дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу