Сауд Арабиясында әуежайға зымыран құлады

14 Маусым, 2019 377

Turkistan.kz ақпараттық порталы: Сауд Арабиясындағы Абха қаласының әуежайына зымыран құлады. 

Салдарынан 26 адам жарақаттанды. Олардың қатарында үш әйел мен екі бала бар. Белгілі болғандай, зымыран әуежайдың ішкі залына түскен. Шабуылдан Үндістан, Йемен және Сауд Арабиясының азаматтары зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, ракетаны йемендік «Ансар Алла» хуситтік қозғалысының жақтастары ұшырған.


Пікірлер(0)

Пікір қосу