"Түркістанда түлеген төл тарихым" облыстық байқауы өтті

14 Маусым, 2019 241

Облыстық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына орай, "Түркістанда түлеген төл тарихым" атты жастардың патриоттық рухын ояту мақсатында жазба ақындар мен жазушылардың облыстық байқауы өтті. Аталмыш байқаудың іріктеу кезеңіне 90 - ға жуық шығарма түсіп, 26 ақын, 10 жазушы ақтық сынға жолдама алды.

Қазылар алқасының төрағасы белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы, кандидат, "Сырлытас" кітабының авторы Досбол Ислам: «Бүгін ақындардың арасынан нағыз жүйрікті таңдау өте қиынға түсті. Бірінен бірі өтетін хас таланттарды екі күн іріктедік»,-дейді. Ақтық сынға жолдама алған ақындардың қарымы мен қабілетін, сахналық мәдениеті мен өлең оқу шеберлігі де сыналды.

         Сонымен, «Жазушылар» бағыты бойынша:

Бас жүлде: Тоқтарбек Айболат (250.000 теңге)

Бірінші орын: Нұржан Мөлдір (175.000 теңге)

Екінші орын: Төлеубаева Жұлдыз (125.000 теңге)

Үшінші орын: Кәдірбай Ғылымнұр (100.000 теңге)

Қазылар алқасының көңілінен шыққан шығармалар да құр алақан қалмады. Арнайы ынталандыру сыйлығы және 25.000 теңге ақшалай сыйлықпен Марат Қани, Маликаждарова Алтынай, Жігер Нұрдаулет, Сейтжаппар Ақтілек, Аружан Орынбек, Жұлдыз Қалбай марапатталды.

         Ал, Түркістанды жырға бөлеген ақындардың марапаты мынадай болды:

Бас жүлде:  Бақберген Дариға (250.000 теңге)

Бірінші орын: Мұқағали Кенжетайұлы  (175.000 теңге)

Екінші орын: Еламан Төлеутай (125.000 теңге)

Үшінші орын: Арайлым Мұраталиева  (100.000 теңге)

Сондай – ақ,  қазылар мен көрерменді тәнті қылып, ізденісі мен талпыныстары үшін Рысгүл Досжанова, Мейір Оразғалиев, Арқалық Әмалият, Қайсар Бауыржан арнайы алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен  марапатталды.

Дайындаған: Рысгүл Досжанова


Пікірлер(0)

Пікір қосу