Бразилияда 45 миллион адам ереуілге шықты

15 Маусым, 2019 400

Бразилияда үкіметтің зейнеткерлік реформасына қарсы жаппай ереуіл болуда.

Наразылық акциясына 45 миллион адам қатысып, елдің 300 қаласын қамтыған. Тұрғындар көшеге шығып, жолдарды жауып, қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтаған. Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро және Фос-де-Игуасу қаласында полициямен қақтығыс болды. Акцияға қатысушылар зейнеткерлік жасты көтеруге және жұмысшылардың салығын өсіруге қарсы. 

Ал үкімет реформа елдің құлдырап бара жатқан экономикасын жандандыруға және мемлекет бюджетін қалпына келтіруге бағытталғанын алға тартуда. 

Айта кетейік, қазіргі ереуіл – Жоир Болсонару билік басына келгелі өтіп отырған ең ірі наразылық акциясы. Себебі, елде өнеркәсіп өндірісі төмендеп, экономика құлдырай бастаған.


Пікірлер(0)

Пікір қосу