Мәскеу музейіне жұмысқа кірген Мысық

16 Маусым, 2019 243

Мәскеу музейіне жұмысқа кірген мысық туралы білесіз бе? Адамдар жұмыс таппай сандалып жүргенде, Мәскеудің атақты тарихи-көркем музей қызметке мысықты қабылдады.

Бұл туралы қаладағы белгілі мәдениет мекемесінің сайтында жариялаған.  Музейдің хабарлауынша, ресми түрде құжат енді толтытырғанымен, мысық бұл мекеменің іс жүзінде толықтай қызметші саналады. Себебі, мысықпен музей келген  қонақтардың барлығы әрдайым суретке түсіп, мысыққа деген қызығушылықтары артады екен. Ал онымен ең танымал селфиді белгілі теле-радио жүргізушісі Сергей Стиллавин жасаған. Мәскеу қаласына сапарлатып бара қалсаңыз, осы музейге соғып, мысықпен суретке түсуді ұмытпаңыз!

 

Айта кетсек, қызметкер-мысықты Марай деп атаған. Бұл Мәскеу іргесіндегі ең ірі суреттер галереясы – Серпуховск фабрикантшысы Анна Мараеваның құрметіне қойылып отыр. Дәл осы А.Мараеваның суреттер жиынтығы музей қорының негізін құрайды.  

Дайындаған: Рысгүл Досжанова

 

Пікірлер(0)

Пікір қосу