Қайтадан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ашылды

17 Маусым, 2019 157

Елімізде қайтадан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ашылды. Оған Мағзұм Мырзағалиев министр болып тағайындалды.

Бүгін елордада өткен Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Мырзағалиевтің кандидатурасы ұсынылған. Оның кандидатурасын депутаттары бір ауыздан қолдады.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

1999 жылы «Тұран» университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген;

2000 жылдан - Ақмола облыстық орман жөніндегі басқармасының қаржылық және экономикалық талдаубөлімінің жетекші маманы.

2001-2002 жылдары - МІ Drilling Fluids International ТБ жөніндегі менеджері; техникалық сатылымдар бойынша екілі; өндіріс жөніндегі менеджері;

2007 жылы - "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры;

2010 жылы - «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі; Энергетика министрінің орынбасары қызметрін атқарды.

Пікірлер(0)

Пікір қосу