Нұр - Сұлтан қаласының әкімі министрлікке келді

17 Маусым, 2019 275

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде президенттік қызметіне кіріскеннен кейін бірнеше қала және облыс басшыларын қызметінен босатқан болатын. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарған Бақыт Сұлтанов бүгін жаңа қызметке келді. Ол ҚР Сауда және интеграция министрінің лауазымына тағайындалды. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Бақыт Сұлтановтың мол жұмыс тәжірибесі бар екендігін және қажетті басқарушылық құзыретке ие екендігін айтты.

Пікірлер(0)

Пікір қосу