Мәдениет және спорт министрлігі ауысты

17 Маусым, 2019 257

Президент жарлығымен Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.


Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.


1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының тарих-теория факультетін композитор, пианист, музыкалық-теориялық пәндер педагогы, концертмейстер, камералық ансамбльдің солисі мамандығы бойынша тәмамдаған.

1988 жыл - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, педагогы;

2000 жылы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры, кафедра меңгерушісі;

ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет істері комитетінің төрайымы;

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры;

2016 жылдың қазан айынан бастап ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.


Еске сала кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен өткен аптада бірнеше тағайындаулар орын алды. Білім және ғылым министрлігінің басшысы қызметіне Асхат Қанатұлы Аймағамбетов келді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласына Алтай Көлгінов, Маңғыстау облысына Серікбай Трұмов, Батыс Қазақстан облысына Ғали Есқалиев әкім болып тағайындалды.

Пікірлер(0)

Пікір қосу