КЕСЕНЕ: Ақсарай сырлары

17 Маусым, 2019 260

Үлкен Ақсарай – қазандықпен кіші Ақсарай мен дәліздер арқылы жалғасады.Дәлізде екінші қабатқа шығатын баспалдақ бар.Ақсарай кейіннен ХV-ХVІ ғасырларда Қазақстан Мен Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет пайдаланған арқалардың қилысуы конструкциясы қолданылған,сондықтан бөлме құрылысы  өз заманындағы аса бағалы сәулет ескрткіші болып табылады.

Бастапқы кезде дәуріштер мұсылман қауымы жиналатын орын болған.Ал ХVІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде дейін Түркістанда қазақ хандарының ордасы орналасқан кезде хан сарайының (ордасының) міндетін атқарған кезінде мұнда дипломатиялық әскери келіссөздерп өткізіліп отырған. 

Үлкен және Кіші Ақсарай, XV-XVI ғасырларда сарай бөлмелері ретінде қолданылған, бұл жерде қазақ хандарының ордалары орналасқан. Үлкен Ақсарайда өзге елдердің елшілерін қабылдайтын болған, мұнда даланың ең беделді және танымал адамдары жиналған. Бұл жерде таққа жаңадан отырған хандар өз еліне әділ қызмет етуге ант берген, мұнда әлі күнге дейін хан билігінің символындай болып, асатаяқ пен тақ орны сақталған. Ал кіші Ақсарайда, кесене қабырғаларында, көптеген танымал адамдар жерленген. Ең көне қабір 1431 жылға тән, ал барлығы 43 қабір тастары орналасқан. Кесенеде Абылай ханның, Бөгенбай батырдың және тағы басқа көптеген қазақ билеушілері мен қолбасшыларының мәйіті жерленген. 
 

 Кіші Ақсарай – қабырғаларындағы шұңғыл ойықтарының әсерінен созылыңқы болып көрінетін бөлме.Мұнда кезінде Үлкен Ақсарайда  болған қабылдау кезінде жұрттың күтіп отыратын орны болған.Екінші қабаттағы ойықтар арқылы іргелес дәліздерге шығуға болады.Бөлмесі кіші – гірім алтықырлы күмбезбен жабылған.Жарық жоғарыдағы жалғыз терезеден түседі.Панелге деп орын қалдырылған қабырғалары әшекейленбеген.

1999 жылдың Маусым айының 3 жұлдызында осы Кіші Ақсарай бөлмесіне үш жүзден астам бейіттер қайта жерленді. 

 Орнатылған ерекше күмбезбен қапталған, крест тәрізді бөлме. Сондай-ақ кесене ішінде кітапхана, Яссауи  өз өмірінің соңғы күндерін өткізген жер асты қылуеттері, жаңа туған нәрестелерді дәріптейтін шілдехана бөлмесі орналасқан. Кеңінен көсілген шаруашылық кешеніне құдықхана кіреді. Бұл жерден алынған суды мұсылмандар киелі санап, онымен Тайқазанды толтырып, мұсылман мерекесі күндері осы сумен құлшылық етушілердің шөлдерін қандырған. Асханада бидай мен қой етінен дәстүрлі тағамды әзірлеген. Сондай-ақ худжра деп аталатын тұрғын бөлмелері мен бүгінде көне легендер мен құмғандарды кездестіруге болатын монша да бар. Сол заманның ең озық технологиялары арқылы жасалған кесененің сәулеті қайталанбас құбылыс. Бұл ғимаратты тұрғызу кезінде парсы сәулетшілері Самарқанд және империя астанасы Тимуридтерді тұрғызу кезінде қолданылған көптеген жаңашыл сәулет және құрылыс шешімдерін пайдаланған. Құрылыста ерекше қоспа мен күйдірілген қызыл кірпіш қолданылған. Қабырғалар мен күмбездердегі декоративті әрлеудің байлығы әрі сан алуандығы, ғимарат пен күмбез көмкерілген сұлулығы мен шеберлігі жағынан ерекше тасты және майоликалы тақталар, мозаикалар, өрме жазумен, герметикалық және өсімдік өрнектерімен берілген қабырғадағы суреттер, тассүңгілер, қуатты тізбекті және көркем мұнаралар – осының бәрі Әмір Темір заманындағы, Орталық Азияға тән архитектура стилінің қалыптаса бастаған кезіндегі сәулет өнерінің қандай деңгейде болғанын көрсетеді. Сол дәуірде тұрғызылған барлық монументалды ғимараттардың ішінде тек Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі ғана толықтай сақталған.

Пікірлер(0)

Пікір қосу