Жұмыс уақытын 08:00 - 16:00 деп өзгертуді ұсынды

19 Маусым, 2019 3206

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шымкентте таңғы сегізден бастап, түскі үзілісті қысқартуды ұсынды.

 Бұл туралы агенттік төрағасы аталған қалаға жұмыс сапары барысында айтты.

Қала активімен кездескен агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа жұмыс кестесін жасауға шақырды.

«Мемлекеттік қызмет саласындағы үздік тәжірибелерге сүйене отырып, біз Шымкент қаласы әкімінің аппаратына жұма күні жаңа жұмыс кестесін пилоттық режимде енгізуді ұсынамыз.

 Яғни, жұмыс күні таңғы сағат 8:00-де басталып сағат 16:00-де аяқталатын болады. Осылайша, 8 сағаттық жұмыс күні сақталады. Және бұл жұмыс кестесін пилоттық режимде Шымкенттен бастауды ұсынамын. Себебі, Шымкент - ең креативті қала», - деді агенттік төрағасы.

Әкім өз кезегінде айтылған ұсынысты қолдап, агенттік төрағасына сенім артқаны үшін алғысын білдірді

Мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен жиында агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қарымсақов, қала әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов баяндама жасады

Айта кетейік, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан саясат пен азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың алдағы перспективасы сөз болды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шымкентте таңғы сегізден бастап, түскі үзілісті қысқартуды ұсынды.

 Бұл туралы агенттік төрағасы аталған қалаға жұмыс сапары барысында айтты.

Қала активімен кездескен агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа жұмыс кестесін жасауға шақырды.

«Мемлекеттік қызмет саласындағы үздік тәжірибелерге сүйене отырып, біз Шымкент қаласы әкімінің аппаратына жұма күні жаңа жұмыс кестесін пилоттық режимде енгізуді ұсынамыз.

 Яғни, жұмыс күні таңғы сағат 8:00-де басталып сағат 16:00-де аяқталатын болады. Осылайша, 8 сағаттық жұмыс күні сақталады. Және бұл жұмыс кестесін пилоттық режимде Шымкенттен бастауды ұсынамын. Себебі, Шымкент - ең креативті қала», - деді агенттік төрағасы.

Әкім өз кезегінде айтылған ұсынысты қолдап, агенттік төрағасына сенім артқаны үшін алғысын білдірді

Мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өткен жиында агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қарымсақов, қала әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов баяндама жасады.

 

 

Айта кетейік, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан саясат пен азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың алдағы перспективасы сөз болды.

Пікірлер(0)

Пікір қосу