Дәстүрлі "Turkistan Art Fest" байқауы өз мәресіне жетті

19 Маусым, 2019 193

«Turkistan ART fest» дәстүрге айналған жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастар арасындағы облыстық байқауы өтті.

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін бұл байқау, биыл Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналып, Түркістан қаласындағы Есімхан алаңы "Түркістан- кеше, бүгін, ертең "  тақырыбын қамтыған үлкен көрме, шығармашылық алаңына айналды.

«Облысымыздағы талантты һәм үздік жас қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнерлерді облыс деңгейінде танымалдылығын арттырып, Жастар арасында өнерді кеңінен насихаттау, еңбекке деген шығармашылық қызығушылығын арттыру, креативті ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру – біздің басты мақсатымыз. Шығармашылық байқауға Түркістан облысы бойынша барлық аудан-қалаларынан, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 14 пен 29 жасқа дейінгі  жастар мен жасөспірімдер қатысты. Сонымен қатар, қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнер  жастардың үздік туындыларының жиынтығынан байқау қортындысы ретінде үздік қатысушылардан құралған кітапша (альбом) әзірлененіп, тартылатын болады.», - дейді байқау ұйымдастырушылары.

Егемен еліміздің жетістіктерінде Түркістан облысының орны айрықша екенін дәріптеген жастардың туындылары көпшілік көңілінен шықты.

Айта кетейік, байқау екі кезеңнен тұрады:

- І кезең "Үй тапсырмасы". Қатысушылар еркін тақырыптағы туындыларын көрсетті .

- ІІ кезең - шығармашылық байқаудың негізгі кезеңі, Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған туындыларын ұсынды. Ал жеңімпаздарды анықтау мен марапаттау екі кезең жиынтығы бойынша анықталады. Шығармашылық байқау жеңімпаздарына 6 номинация бойынша (қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнер) төмендегі орындар белгіленіп, арнайы диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

1 - орын- 6 (бағыт) - 100 000 тг.

2 - орын- 6 (бағыт) – 70 000 тг.

3 -  орын- 6 (бағыт) - 50 000 тг.


«СУРЕТ ӨНЕРІ» бойынша:

1 - орын-Пәтеева Алтынай

2 - орын-Қолдас Сара

3 - орын-Байтасова Майра


«ҚОЛ ӨНЕР» өнері бойынша:

1 - орын-Есіркеп Аружан

2 - орын-Жарылқап Мұрат

3 - орын-Садықова Айсұлу



«ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ» бойынша:

1 - орын-Бейсенбаев Данияр, Әбдірайымов Сұлтанғали

2 - орын-Мылтықбай Ерлан

3 - орын-Аманқұлов Нұрдаулет


«МҮСІН ӨНЕРІ» бойынша:

1 - орын-Бәйгебаев Айдар

2 - орын-Шандарбек Данияр

3 - орын-Бәйдін Ислам


«ДИЗАЙНЕР ӨНЕРІ» бойынша:

1 - орын-Мырзатай Жадыра, Азиева Эльмира

2 - орын-Лизсанова Жадыра

3 - орын-Абишева Динара


«СӘУЛЕТ ӨНЕРІ» бойынша:

1 - орын-Баубек Асқар

2 - орын-Тасболатов Ернұр

3 - орын-Мұғалыш Олжас сынды шын шеберлер ие болды.

Пікірлер(0)

Пікір қосу