Сауд Арабия ханзадасының кісі өліміне қатысы бар

19 Маусым, 2019 143

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің соттан тыс жазалау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Аньес Каламар Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы журналист Жамал Хашукджидің өліміне қатысты барын айтып, халықаралық санкциялар енгізуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.  

 

 "Хашукджи өліміне қатысы бар жеке тұлғаларға қатысты мақсатты санкциялар енгізу қажет. Оның ішінде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы да бар. Мұрагер ханзаданың Хашукджи жазасы үшін жауапты еместігін дәлелдер ұсынғанға дейін осы санкцияларды енгізу қажет", - делінген сәрсенбі күні жарияланған Каламар баяндамасында. Каламардың ойынша, журналистің өліміне қатысы бары дәлелденген Сауд Арабиясы басшылығының жоғары лауазымды өкілдеріне қатысты санкциялар енгізу қажет.

Жамал Хашукджи - Америкалық Washington Post газетінің шолушысы болып жұмыс істеген сауд журналисі.  Естеріңізге сала кетейік, Түркияда 2 қазанда, Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы бас консулдығына барғаннан кейін жоғалып кеткен. Оның өліміне консулдық қызметкерлерімен жанжалдасуы себеп деген нұсқа айтылды. Тергеу аясында 18 адам ұсталған. Ыстамбұл прокуратурасының мәліметінше, Жамал Хашукджиді Сауд Арабиясының бас консулдығында қылғындырып өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп, жойған.

 

Пікірлер(0)

Пікір қосу