Дональд Трамп пен Си Цзинпин телефон арқылы сөйлесті

20 Маусым, 2019 305

Turkistan.kz порталы. АҚШ Президенті Дональд Трамп пен ҚХР Лидері Си Цзинпин телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасын қайта жаңғырту мәселесін қозғады.

Ақ үйдің жасаған мәлімдемесіне сүйенсек, қос тарап Америка мен Қытайдың экономикалық байланысының маңыздылығына тоқтап, аймақтық қауіпсіздіктерді де тілге тиек еткен. Сондай-ақ, Жапонияда өтетін "Үлкен 20" саммитінде кездесуге тілек білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, Күн шығыс елінің Осака қаласында 28-29 маусым аралығында әлем басшыларыныңбасын қосатын саммит өткізіледі.

Пікірлер(0)

Пікір қосу