Түркістан облысынан "Сапа" брендімен өсімдік майы шығады

05 Наурыз, 2019 128

"Сапа 2002" ЖШС жылына бір мың тонна өсімдік майын өндіреді. Аталған кәсіпорын Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округінде орналасқан.

Мекеме басшылығы осындай статистикаға жетуінің себебін әртүрлі мемлекеттік бағдарламалармен түсіндіреді. Сондай-ақ қожалық мал бордақылаумен де айналысады. Бүгінде жалпы 10 мың бас қойды бордақылауға арналған алаң салынған. Бордақыланған малдың еті елімізден бөлек Ресей, Өзбекстан елдеріне экспортталуда. Мұнда асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді құйрықты және меринос қойларын өсірілуде. Қазіргі таңда қожалықта 4 683 бас меринос қойы, 3 864 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, 300 бас жылқы, 350 бас ірі қара, бар.


«Бізде шығарылған өнім елімізден бөлек, Қытай Халық Республикасының нарығына шығарылуда. Мұнда 22 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы 70 000 теңге шамасында. Жоғары сапада шығарылатын тауарға деген сұраныс күшті, әлі де артып келеді. Айта кету керек, бұл жерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың көмегі мол болды. Ендігі мақсат – осы жобаның ауқымын кеңейте түсу», – деді кәсіпорын директорының орынбасары Ерәлі Аширов.

Жобаның жалпы құны - 112,5 млн теңге. Шаруашылықты ірілендіру мақсатында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан жыл сайын жаңа техникалар лизинг негізінде сатып алынады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу