Мусидің өлімі үшін Ердоған Батысты айыптады

20 Маусым, 2019 327

Turkistan.kz ақпарат порталы. Мысырда демократиялық жолмен сайланған тұңғыш Президент Мұхаммед Мурси зот салында қайтыс болды.

Мысыр мемлекеттік телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Мурси өзінің сотында сөз сөйлеп, есінен танып қалған. Кейін ауруханада жан тапсырды.

2012 жылы Президент сайлауында жеңіске жетті бірақ 2013 жылы 3 шілде әскери төңкерістің салдарынан биліктен аластатылды. Ол бұл төңкерісті заңсыз деп санап, қабылдамайтынын жеткізді. Содан бері 6 жыл бойы темір торда өз үкімін күтіп келген еді.

Мурсидің өліміне байланысты Түркияда сырттай жаназа намаза оқылды. Президент Ердоған Мұхаммедтің өліміне Батыстың үнсіз қалуына наразылық білдірді.

«Демократиялық сайлаумен билікке келген марқұм Мурсидің төңкеріспен міндетінен алыстатылып, түрмеде бір бөлмелі камерада жәбірленуіне әрі мезгілсіз қайтыс болуына үн шығармаған Батыс әлемін айыптаймын» деді ол. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу