Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің түсірілімі басталды

20 Маусым, 2019 336

Turkistan.kz ақпарат порталы. "Қазақфильм" киностудиясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің түсірілім жұмыстары басталды.

Аталған кинокартинаның режиссері болып актер, сценарист, кинорежиссер Болат Қалымбетов бекітілді. Түсірілім Өскемен қалласында басталды. Одан кейін Санкт-Петербург, Алматы, Алматы облыстарына жол тартпақ. 

Режиссердің сөзіне қарағанда, фильм Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Соның ішінде Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын отырыста шешкен уақыт көрсетілмекші.

Картинаның қашан шығатыны әзірге айтылған жоқ.


Пікірлер(0)

Пікір қосу