14 жастағы қызды зорлаған педофил ату жазасына кесілді

20 Маусым, 2019 288

Тurkistan.kz ақпарат порталы. Мысыр Жоғары сотының үкімімен 14 жастағы қызды зорлаған педофил ату жазасына кесілді.

Аталған оқиға елдің Гиза аймағында орын алған. Салах Хусайен есімді азамат өзінің көршісінінің қызын күштеп жыныстық қатынасқа итермелеген. Қырықтағы еркектен жапа шеккен қыз кейіннен өз-өзіне қол жұмсаған. Медициналық тексерудің нәтижесінде зорланғаны расталып, құқық қорғау органдары педофилді ізін суытпай қолға түсірді.

Мысыр Республикасында педофилдік әрекеттер ауыр қылмыс ретінде саналып, өлім жазасына кесіледеі.

Пікірлер(0)

Пікір қосу