Ердоған Мысыр Республикасымен соттасуға дайын екенін мәлімдеді

21 Маусым, 2019 197

Turkistan.kz порталы. Түркияның Президенті Режеп Тайып Ердоған Мысыр Республикасымен Халықаралық сотта соттасуға әзір екенін мәлімдеді.

Сиамбул қаласында өткен тұсаукесер рәсімінде Мысырдың демократиялық жолмен сайланған тұңғыш Президенті Мұхаммед Мурсидің өліміне күдіктенетін ашып айтты.

"Мурси өз ажалымен өлген жоқ. Өлтірілді. Сот залында 20 минут өліммен арпалысып жатқанында сол жердегі лауазымды тұлғалар көмек қолын созуға ұмтылмаған. Осыған байланысты Халықаралық сотта Мысырға қарсы айыптаулар үшін қажеттінің бәрін жасаймыз. Ислам Ынтымақтастық Ұйымының аталған жағдайға байланысты бейтарап қалмауын өтінеміз" - деді Президент Ердоған.

Пікірлер(0)

Пікір қосу