Фернандо Торрес карьерасын аяқтады

21 Маусым, 2019 210

Turkistan.kz ақпарат порталы. Испаниялық аяқдопшы Фернандо Торрес жасыл алаңдағы карьерасын аяқтады.

Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында хабарлады. "Атлетико Мадрид", "Ливерпуль", "Челси", "Милан" сынды даңқты клубтардың сапында доп теккен ол 2018 жылы Жапонияның "Саган Тосуының" құрамын толықтыған еді. Араға бір жыл салып өз өміріндегі маңызды мәлімдемені жасады.

"18 жылға созылған қызықты маусымнан кейін футболдағы мансабымды аяқтайтын уақыт келді. Келесі жексенбіде Токио қаласында сағат 23:00-де баспасөз мәслихатын өткіземін" - деді ол.

Пікірлер(0)

Пікір қосу