Алматыдан Денис Тенге арналған ескерткіш ашылды

22 Маусым, 2019 152

Turkistan.kz ақпарат порталы. Алматы қаласында Сочи Олимпиадасының жүлдегері пышақ жарақатынан қаза тапқан Денис Тенге ескерткіш орнатылды.

Марқұмның мүсіні Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында тұрғызылды. Өйткені спортшы дәл осы аймақта қаза тапқан болатын. Туындының авторы – Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Матвей Макушкин. Биіктігі -2,4 метр. Автор Денистің Сочи Олимпиадасының финалында өнер көрсетіп тұрған сәтін бейнелген.

Аталған шарға 200-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен өзге спортшы, өнер майталмандары бар.

«Бүгін еліміздің спортына өлшеусіз үлес қосқан азаматтың құрметіне тұрғызылған ескерткішті ашып отырмыз. Бұл тек біздің сүйікті баламыз Денистің құрметіне ғана емес, жалпы туымызды көтеріп жүрген, қазақ спортына еңбегі сіңген барлық спортшыларға арналғандай. Ана ретінде мынан айтқым келеді, маған баламның жетістігі мен атақ-дәрежесі аса маңызды емес. Маған бірінші кезекте оның өзі керек. Сондықтан Денистің анасын жақсы түсінемін. Оған қарапайым жұмыс істесе де, аман-есен қасында жүргені қажет болатын. Денис Қазақстан үшін еңбек етті. Жеңістерімен қуантты. Елімізді халықаралық аренада бәрі тануы үшін аянып қалған жоқ. Денис шынымен де, Қазақстанның атын шығарды. Ол біздің мәңгілік жүрегімізде қалады», – деді Роза Рымбаева.

Пікірлер(0)

Пікір қосу