Арыс апаты: Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты

25 Маусым, 2019 231

Turkistan.kz порталы. Түркістан обылысы, Арыс қаласында орын алған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Премьер министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында баяндады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше оқиға орнында болып, осы төтенше жағдай бойынша нақты шараларды берді. Барлық тиісті шаралар ұйымдастыруда. Арыс қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге түгел көшірілді. өкінішке орай екі адам – азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге толықтай медициналық көмек көрсетілуде», - деді ол.

Пікірлер(0)

Пікір қосу