Арыс апаты: Қасымбек қанша тұрғын үй жарылыстан зардап шеккенін айтты

25 Маусым, 2019 325

Turkistan.kz ақпарат порталы. ҚР Премььер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Арыстағы жарылыс салдарынан қанша тұрғын үйдің зардап шеккенін айты. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге оқиға орынына барған еді.

«Алдын ала деректер бойынша Арыс қаласында өрттен 19 тұрғын үй мен 9 ғимарат зардап шеккен. Электр желілері бұзылған. Қаладағы 60-70% үйлерде жарылыстан терезелер, әйнектеріне зақым келген», - деп айтты Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ жапа шеккен тұрғындарға барлық материалдық көмектердің көрсетілетінін, арнайы комиссия құрылып жалпы шығынды есептейтінін жеткізді.

«Комиссия жұмысы Қорғаныс министрлігінің саперлық бөлімшелері жұмысы біткеннен кейін басталады. Әкімдер тарапынан өтініш беріліп және тиісті есептеулер жасалғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік материалдық резервінен құрылыс материалдары бөлінеді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен әкімшілік жұмыстарға дайын. Нәтижелер бойынша қосымша деректер жарияланады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Пікірлер(0)

Пікір қосу