Арыс апаты: Ұрлау, тонау фактісімен үш адам ұсталды

25 Маусым, 2019 274

Turkistan.kz ақпарат порталы. Арыста босап қалған үйлер мен дүкендерді, әртүрлі кәсіптік ғимараттарды күзету, қорғау жұмыстары қолға алынды.

Бүгін Үкімет отырысы барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қауіпсіздік мәселесін сөз етіп, үш азаматтың тонау фактісімен ұсталғанын айтты.

«Қазіргі таңда снарядтар жарылуы мен соққысынан әскери бөлімшеде қоймасындағы өртті ауыздықтау қиын болып отыр. Арыс қаласында тікелей 23 өрт тобы жұмыс істеп жатыр. Олар 19 тұрғын үй мен 9 шаруашылық құрылысын, 14 табиғи жануды өрттен ауыздықтады. Құқықтық тәртіп пен мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Ұрлық және тонау фактілері болмас үшін партульдік полицияның 75 жасағы жұмылдырылды. Қазірдің өзінде екі қылмыс: бір дүкенді тонау мен тұрғын үйде ұрлық бойынша үш адам ұсталды. Үш блок-пост қойылды. Шығып жатқан автокөліктер тексеріліп жатыр» - деді ол.

Пікірлер(0)

Пікір қосу