Арыс апаты: Ұялы байланыс не үшін болмады?

25 Маусым, 2019 126

Turkistan.kz ақпарат порталы. Арыстағы жарылыс кезінде қалада ұялы байланыс проблемасы туындап, қоңырау қабылдау, қоңырау соғу қиындаған еді. 

Бүгін Үкімет отырысы барысында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев аталған мәселенің себебін түсіндірді.

"Арыс қаласында ұялы байланыстың болмауына электр энергия себеп болды. Базалық станциялар электр қуатын беруде жаңылыс болған кезде олар аккумуляторларға ауыстырылды. Алайда олар ұзақ жұмыс істеуге арналмаған. Сол себепті ұялы байланыста кідірістер болды. Қазір байланыс шала-шарпы жұмыс істеп жатыр. Мамандар қалаға кіргеннен кейін байланыс толығымен қалпына келтіріледі", - деді министр.

Пікірлер(0)

Пікір қосу