Қазақстандық палуан Еуропа чемпионы атанды

25 Маусым, 2019 247

Қазақстандық палуан Анатолий Золотых аралас жекпе-жектен әуесқойлар арасында Еуропа чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан Біріккен ММА Федерациясы Instagram парақшасында хабарлады.

Аталған жарыс Италияның Рим қаласында өтіп, Отандасымыздың абыройы асқақтап қайтты.

Бұдан бұрын 20 жастағы қарағандылық спортшы Қазақстандағы біріншілікте жеңіп, Бангкок қаласындағы турнирде Азия чемпионы атанды.

Пікірлер(0)

Пікір қосу