Арыс қаласы әлі күнге дейін қауіпті, 130 снаряд табылды

26 Маусым, 2019 192

Әскерилер Арыс қаласынан 130-ға жуық снаряд тапты. Олар арнайы техникамен қауіпсіз аймаққа шығарылып жатыр.

26 маусым күні таңғы сағат 06.00-дегі жағдай бойынша, төтенше жағдайды жою үшін ІІМ күштері мен құралдары тобынан жеке құрамның 1 251 маманы мен 188 техникасы шоғырландырылған.

Азаматтық қорғаныс органдарының 346 маманы мен 48 техникасы, полицияның 358 қызметкері мен 75 техникасы, Ұлттық ұланның 547 әскери қызметшісі мен 65 техникасы бар қызмет арқарып жатыр.


ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, Арыс қаласының аумағында Төтеше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметінің күшімен бір дәмхана ғимараты, 24 тұрғын үй, 10 қора-қопсы және 17 табиғи өрт сөндірілген.

Пікірлер(0)

Пікір қосу